Меню KDT
МЕНЮ
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются по обратной связи (тикет)

logo.png?_=1632283368


87172(50-14-74, 50-14-76)

Статикалық бет

Мектептің әлеуметтік педагогы

 

 Әлеуметтік педагогтың жұмыс айналымы

Күнделікті:

1. Оқушылармен және оның ата-аналарымен жеке жұмыс.

2. Сабаққа кешігіп келген оқушылармен жұмыс, себебін анықтау.

3. Сынып жетекшілерімен жұмыс.

Апта сайын:

1. Мектеп психологымен жұмыс.

2. Мектеп инспекторымен жұмыс.

3. Қиын оқушылардың үйлеріне бару.

4. Мектептен тыс мекемелерімен әрекеттестік.

5. Мектептегі кезекшілік.

6. Оқушылардың тамақтануын тексеру.

Ай сайын:

1. Сабақтарға қатысу.

2. Педагогикалық консилиумнің жұмысына қатысу.

3. Жұмысты жоспарлау мәжілістеріне қатысу.

4. Рейдтерге қатысу.

5. Көп балалы отбасысынан шыққан балалардың іс-қағаздарын тексеру.

6. Тегін жолақы билеттеріне тапсырыс беру.

Тоқсан сайын:

1. Әлеуметтік педагогтардың семинарларына қатысу.

2. Тоқсандық жоспардың орындалуына сұрыптама жасау.

3. Ата-аналар жиналыстарына қатысу.

Жылында бір рет:

1. Ашық іс-шара өткізу.

2. Мектептің әлеуметтік паспортын жасау.

3. Жұмыс жоспарын құру және сұрыптау.

4. Статистикалық мәліметтер жинау.

 

Жұмыс уақытын бір аптаға шамамен бөлу:

Жұмыс түрі

Уақыт,сағат саны

1.

Оқушылармен жеке жұмыс

4

2.

Ұжымдық іс-шаралар дайындау және өткізу

4

3.

Ата-аналармен жұмыс

6

4.

Диагностикалық және түзету-дамытушылық жұмыс

4

5.

Әдістемелік мәжілістер мен семинарлар

2

6.

Мектеп мұғалімдерімен жұмыс

2

7.

Құжаттармен жұмыс

2

8.

Ғылыми-әдістемелік жұмыс

4

9.

Әр түрлі жұмыстар

4

10.

Оқу немесе басқа жүктеме

Аптасына 9-12 сағ

 

Әлеуметтік-педагогикалық қызметінің жұмысы

Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы», «Неке және отбасы», «Білім туралы» заңдары  басшылыққа алынып, бала құқығын және мүдделерін қорғау мәселесі мектебімізде  келесі бағыттар бойынша құрылды:

  • Балалардың құқықтары мен заңды мүддесіне байланысты Қазақстан Республикасының заңдарын орындау;
  • Ата-аналарға, оқушыларға, мектеп ұстаздарына кеңес беру, тренингтер өткізу,  диагностикалық жұмыс жүргізу.
  • Балалардың сапалы білім алуына және дұрыс тәрбиеленуіне әлеуметтік жағдай жасау.
  • Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жұмысын жүргізу.
  • Балалардың бос уақытын ұйымдастыру.
  • Тиісті мекемелерімен (Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар басқармасы, КТІЖБ, Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Денсаулық орындары, Қамқорлық және қорғаншылық органдары, Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясы) тығыз байланыста болу, бірігіп жұмыс жүргізу.

Осы бағыттар бойынша келесі міндеттерді шеше бастадық. Ол:

1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан балаларды, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды, девиантты балаларды, «қатерлі» тобына жататын балаларды, бейберекетті отбасыларды анықтау, олар туралы мәліметтер жинау, құжаттарымен жұмыс істеу.

2013-2014 оқу жылдың басында тіркеуге 3 жетім бала алынды. Оның 2-еуі тұл жетім, 7-еуі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған. Толық емес отбасылар саны: анасы жоқ – 13, әкесі жоқ – 186. Патронаттық тәрбиеде жүрген бала жоқ. Аз қамтылған отбасылар сан-4, ондағы балалар саны – 8. Көп балалы отбасылар саны – 145, ондағы балалар – 191. Мүгедек бала – 7. Мүгедек ата-ана – 23. Астана қаласы Алматы аудандық ІІБ КТІЖБ-де алдын алу есебінде тұрған тұрмысы қолайсыз отбасылар – 4, ондағы балалардың 4-еуі оқушы.

2. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Білім туралы заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысында:

Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесі бекітілген.

Жоғарыда аталған қаулыда  көмекті қажет ететін оқушылар мен олардың ата-аналары мынадай құжаттар тапсыру керек:

1) Ата-анасының өтініші

2 Отбасының құрамы туралы анықтама

3)Ата-анасының табысы туралы мәлімет (жалақы туралы анықтама)

Осы қаулыны басшылыққа ала отырып, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған, мүгедек, көп балалы отбасысынан шыққан балаларға жыл бойы көмек көрсетіледі:

1) Оқу жылдың басында оқулықтармен, оқу құралдармен қамтамасыз етіледі.

2) Киім, аяқ киім, мектеп формасы мен спорт формалармен қамтамасыз етіледі.

3) Мектептің асханасында бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

4) Ай сайын тегін жолақы билеттермен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, 2013 жылдың тамыз айының 15 күнінен бастап қыркүйек айының 30-на дейін Республика көлемінде өткен «Мектепке жол» атты акциясы барысында әлеуметтік қорғалмаған оқушыларға «Жалпыға міндетті оқу» фонды қаражатынан 98 балаға мектеп формасы тігілді. Ал, мектебімізге үнемі көмек беріп, мектеп өміріне белсенді араласып, жанашарлық көзқараспен қарайтын демеушіміз Есенжол Түскенұлы Бекішев мырзаның осы акция барысында көрсеткен көмегі қомағай болды: Аз қамтылған көп балалы, жалғыз басты 5 бала тәрбиелеп отырған Аимбетова Гүлмираның отбасына ай сайын 10 мың теңге көлемінде азық-түлік алып тұратын несиелік карточка тапсырылса, 1 қыркүйек күні балаларына оқу құралдармен жабдықталған сөмкелермен бірге компьютер (ноутбук) сыйлады. Бұл азаматтың қайырымдылығы мен мейірімділігін, қолының ашықтығын мектебіміздің басқа да балалары көрді: жетім, аз қамтылған 25 оқушыға осы күні оқу құралдары салынған сөмкелер табыс етілді. Ата-аналар атынан мектеп әкімшілігі Есенжол Түскенұлына ризашылығын білдіре отырып, бұл азаматтың асыл істері басқаларға үлгі болатынына сенім артып, жалғасын табады деген үміттеміз.

3. «Неке және отбасы» Қазақстан Республикасы Заңының 52 бабында: Баланың білім алуға, тәрбиеленуге, жан-жақты дамуға және арының құрметтелуіне құқығы бар, - деп жазылған. Осыған орай мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде осы мәселеге көп назар аударылады, бұл бағытта түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Әсіресе, балаларға құқықтық тәрбие беру - басты мәселе болып табылады. Осы орайда, «Сен құқығыңды білесің бе?», «Балалар құқығы туралы Халықаралық Конвенция жайында не білеміз?», «Жасөспірім: мәселелер және заң» атты шаралар өтті.

Жоғарыда аталған Заң ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын алаңға құқығы бар дейді. Егер ондай тұрғын алаңы жоқ жағдайда кезекке тұруға қақы бар. Осыған орай, мектептегі 4 жетім баланың біреуінде тұрғын үйі бар екенін анықтадық. Ол үйді сатып жіберуге немесе басқа да келісім-шарттар жасауға мүмкіндік болмау үшін қорғау хатпен бекітіп қойдық. Ал қалған үш бала тұрғын үй алуға №1 жеңілдік кезекке тұрғызылды.

Сонымен қатар, бұл балалардың тұрмыстық-материалдық жағдайын анықтау мақсатында жылына 2 рет әлеуметтік педагог, тәрбие ісінің меңгерушісі, мектеп инспекторы, сынып жетекшілері және психологтың қатысуымен рейдтер жасалып, үй-тұрмыстық жағдайлары анықталып, алатын жәрдемақылары орынды жұмсалуы қадағаланып отырады.

5. Балалар құқығы туралы халықаралық Конвенцияның 31 бабында: «Қатысушы мемлекеттер баланың дем алу және бос уақытын өткізу құқығын, жасына лайық көңіл көтеру шаралары мен ойындарға қатысу және мәдени өмірге еркін араласу, өнермен шұғылдану құқығын мойындайды», - деп жазылған.

Ендеше, біздің мектептің балалары бұл құқығын толық пайдаланып жүр. Тиісті уақытында дем алып, оқу жүктемелері нормадан аспай, дұрыс беріліп, денсаулықтарына зиян келтірмеуі қадағаланып отырылады. Мектеп оқушылары өз еркіндерімен мектепішілік, қалалық, республикалық, халықаралық іс-шараларға үлкен қызығушылықпен қатысады.












 

 





Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

 


Магзумова Бакытгул Амангелдиновна 
Мектеп директоры

Сұрақ қою
Қабылдау уақыты:
Дүйсенбі - Жұма: 10.00 - 16:00
Түскі үзіліс: 13:00 - 14:00

 

Құқық бұзушылыққа жол жоқ!

Choose Colour