Меню KDT
МЕНЮ
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются по обратной связи (тикет)

logo.png?_=1632283368


87172(50-14-74, 50-14-76)

Нұр-Сұлтан қаласы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп - гимназиясында 1 қыркүйек - Білім күніне арналған "Кел, балалар, оқылық!" атты салтанатты жиыны өтті.

Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп гимназиясында Білім күні аталып өтті.


Нұр-Сұлтан қаласы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп - гимназиясында 1 қыркүйек  - Білім күніне арналған "Кел, балалар, оқылық!" атты салтанатты жиыны өтті. #Білімкүні #Qazaqstan30jyl #4мектеп

2021 жылдың 1 қыркүйегінде Білім күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
1 қыркүйек - Білім күні салтанатты жиынмен басталды. Салтанатты жиын сағат 10.00-де басталды. Жиынға  1-сыныптар қатысты. Білім күні мерекесіне арналған салтанатты жиынға мектеп табалдырығын алғаш аттаушы бүлдіршіндер және сынып жетекшілері құрметпен ортаға шақырылды. 1- сынып оқушылары орындарына келіп тұрған соң, жиынға көк байрағымыз ту енгізіліп, мемлекеттік әнұранмен ашылды. Алғашқы құттықтау сөз мектеп директорына берілді. Құттықтау сөз айтылған соң, «Кел, балалар, оқылық!» әні орындалды. Салтанатты жиынымыздың құрметті қонағы Нұр – Сұлтан қаласы «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты кадрлық жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің басшысы Арын Арыстанғали Қадырұлы және мектептің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Смаилова Светлан Каукеновна  қатысып, құттықтады. 
Білім күніне белгіленген «Кел, балалар, оқылық!», «Тәуелсіздік жетістіктері»  тақырыбында барлық 1-11 сыныптар аралығында  ашық тәрбие сағаттары өткізілді. 1- сыныптарда «Кел, балалар, оқылық!», 2-11 сыныптарда «Тәуелсіздік жетістіктері».

Оқушыларға «Тәуелсіздік жетістіктері»   жайлы мағлұмат берілді. Оқушылардың шығармашылықтарын арттыру, Отан сүйгіштікке және патриоттыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойып, барлық сыныптар эстетикалық талғамға сай көрнекіліктер пайдалану арқылы өте мағыналы тәрбие сағаттары өткізілді.
















  





Пікір жоқ
46 қаралды
Авторы: 4mektep
Қосылды: 01.09.2021 в 10:11

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

 


Магзумова Бакытгул Амангелдиновна 
Мектеп директоры

Сұрақ қою
Қабылдау уақыты:
Дүйсенбі - Жұма: 10.00 - 16:00
Түскі үзіліс: 13:00 - 14:00

 

Құқық бұзушылыққа жол жоқ!

Choose Colour