Меню KDT
МЕНЮ
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются по обратной связи (тикет)

logo.png?_=1632283368


87172(50-14-74, 50-14-76)

Ж.Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназиясында дәстүрлі Тілдер мерекесіне орай «Тіл-ақылдың өлшемі» атты айлық өткізілді.

«Тіл-ақылдың өлшемі » атты айлықтың қорытындысы


«Тіл-ақылдың өлшемі » атты айлықтың қорытындысы

Ж.Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназиясында дәстүрлі Тілдер мерекесіне орай «Тіл-ақылдың өлшемі» атты айлық өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен ашылған «Ана тілім-құдіретім,асыл мұрам » атты әдеби-музыкалы танымдық кеште қазақ халқының тағдыры-тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы ұлықталды. Жас буын бұл кештің мақсат-мұратынан тарих сахнасында, замана көшінде талай қағажу көрген құдіретті тіліміздің мәңгі өлмейтініне көз жеткізді. Сахналық қойылым талай баланың ойына ой қосып, тілге деген құрметін арттырғаны сөзсіз. Сонымен қатар мереке аясында «Тәңір құт» кітабының авторы, «Дарын» жастар сыйлығының иегері, ақын Арман Шеризатпен онлайн форматта кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларымыз ақын ағаларына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, алға қойған мақсаттарымен бөлісті. Оқушылардың сұрауы бойынша бірнеше өлеңдерін оқып, тәлім тәрбиеге толы сұхбат құрылды.

         Қоғамдық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Тәуелсіздік пен Тіл – бабалар аманаты » тақырыбындағы дөңгелек үстел де жоғары деңгейде өтті. Дөңгелек үстел барысында 9- сынып оқушылары Абаева Әлия, Қайыржанова Медина, Ерғали Әнелдер қазақ тілінің шығу тарихына тоқталып, бабалар аманатынан деректер келтірді. Сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан кез келген халықтың өзімен бірге тастамай алып жүрер байлығы-ана сүтімен бойына дарыған ана тілі екенін ұғынған жас буын бұл бас қосудан үлкен сабақ алып тарады.

         Айлық барысында барлық бірлестіктер түрлі іс-шара ұйымдастырып, оқушылардың ана тіліне деген құрметін арттыруға атсалысты. Нақты пәндер бірлестігі «Тілге құрмет-елге құрмет тақырыбында» зияткерік сайыс өткізсе, жаратылыстану бірлестігі Семей ядролық полигонның жабылуына 30 жыл толуына арналған 7-сынып оқушылары арасында полиглот интеллектуалды сайысын ұйымдастырды. Аталған шарада оқушылар қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін 3 тілде айтып, келешекте табиғат тағдыры өз қолында екенін ұғынған.

         Барлық өткізілген шаралар уақытылы әлеуметтік желі парақшаларына салынып, көпшілік оқырман назарына ұсынылып отырды.

      

       

       



Пікір жоқ
21 қаралды
Авторы: 4mektep
Қосылды: 13.10.2021 в 09:04

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

 


Магзумова Бакытгул Амангелдиновна 
Мектеп директоры

Сұрақ қою
Қабылдау уақыты:
Дүйсенбі - Жұма: 10.00 - 16:00
Түскі үзіліс: 13:00 - 14:00

 

Құқық бұзушылыққа жол жоқ!

Choose Colour