Меню KDT
МЕНЮ
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются по обратной связи (тикет)

logo.png?_=1632283368


87172(50-14-74, 50-14-76)

Статикалық бет

Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы

Қазіргі қоғамда қарым-қатынас сауаттылығы маңызды сипат алып отыр. Американдық психотерапевт Вирджиния Сатир мұғалімдердің мінез-құлықтарының ерекшелігін ескере отырып, мұғалімдердің типологиялық стилін анықтаған.

1.Мұғалім-басшы

Оның «беделі» - билік. Оқушылардан ол тіл алуды, бой ұсынуды талап етеді. Ол үнемі өзінің күшіне сенетін жендетке (рахымсыз, қатыгез адам) ұқсайды. Ол үнемі оқушыларды кінәлап, қорқынышта ұстайды. Ол – оқушылардың жасырын кемшіліктерін және құпия қорқыныштарын білетін «тәжірибелі» мұғалім. Ол өзінің осы «білімін» өзінің беделін қолдауда шебер пайдаланады. Ол - принцип ұстанғыш. Ол мұғалім кез-келген сұраққа жауап беру керек және кез-келген жағдайда бір ғана дұрыс көзқарас болу керек деп санайды.

Нәтижесі: Мұғалімнің мұндай мінез-құлық түрінің нәтижесі, оқушылардың реніші, қақтығыс (конфликт) қарым-қатынас жасауда шыншылдықтың жоқтығы.

2.Мұғалім-компьютер

Оның «беделі» белгілі бір аймақтағы негізделген білімді меңгерген (компетентность). Ол оқушылардан білім, жаңалық, дәлел талап етеді. Ол түсі суық, белгілі жағдайды айтатын роботқа ұқсайды. Ол көбінесе сөйлегенде, былай сөйлеп бастайды: «Бәрімізге белгілі...», «мынандай ой бар...», «Барлығы біледі...». Ол - өте суық, қатал, жабық адам.

Нәтижесі: Оқушының өз-өзіне сенімділігінің түсуі, сабақта жағымсыз көңіл-күйдің жоқ болуы (әсіресе, пәнді меңгеруде қиындық көретін оқушылар). Соңында оқушылардың оқу мотивациясы төмендеп, тіпті пәнді жек көрушілік пайда болады.

3Мұғалім-қиналушы.

Оның «беделі» қақтығысқа түспеушілік. Ол оқушылардан тіл алуды, тыңдауды талап етеді. Ол көбінесе болмашы нәрсеге құрбандықтарға барады. Ол өзіне қатысты жұмыс болмаса да, қақтығысқа түспеу үшін үнемі басқаның жұмысын орындайды. Бәрінен де бұрын ол қақтығыстан қорқады. Ол үнемі өзін кінәлі сезінеді. Оқушының мәселесі оның көңіл-күйін түсіреді. Егер оқушыда бір мәселе болса, мұғалім бірінші өзін кінәлайды.

Нәтижесі:Оның бағыты оқушы үшін зиян. Кейбір оқушылар ол мұғалімдерді бағындыруға итермелейді.

4.Мұғалім – таныс (дос)

Оның «беделі» - әйгілілік. Оқушылардан жақсы қарым-қатынасты талап етеді. Ол мейірімді жолдас, әрқашан барлығын кешіре алады. (мүмкін болатын салдарына қарамастан). Мұндай мұғалім ешқандай проблемасыз жүреді. Оқушылардың проблемасына немқұрайлы қарайды.

Нәтижесі: Оқушыда жауапкершілік сезімі жоқтығы.

 

Ұстаздың әдептілік заңы

1. Әрқашанда оқушыға құрметпен, сүйіспеншілікпен қараңыз.

2. Ойланбай, дөрекілікке жол бермеңіз.

3. Әріптестеріңіз бен оқушыларыңыз алдында тәкәппарлығыңыз басымдылық танытпасын, қашанда сыпайы болыңыз.

4. Қандай да болмасын келеңсіз жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үйреніңіз.

5. Адам бойындағы әлсіздік пен жетіспеушіліктерге шыдымдылық танытыңыз.

6. Өздерін жақсы көріп, өзгелерден жоғары санайтындарға кешіріммен қараңыз.

7. Оқушылардың ата-аналары сізбен бір ойда, бір бағытта болуға әрекет жасаңыз.

8. Өзге адамның көзінше кикілжіңді шешуге тырыспаңыз

9. Ашумен асығыс ештеңе бастамаңыз.

10. Өмір соқпағында кездесетін әр түрлі жағдайларда өзіңнің педагог екеніңді, сізге қарап оқушы қалыптасатынын ұмытпаңыз.

11. Өзіңізге өзгелерден қандай қарым-қатынас күтсеңіз, өзгеге де сондай көңілмен қараңыз.

Әдептіліктің алтын заңын әрқашан есіңізде ұстаңыз!



АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС

Балаға емтиханға дайындалуға қалай көмектесуге болады?

      ҰБТ (ұлттық бірыңғай тестілеу) тесттік технологияға негізделген. Тестілеу емтиханның жаңа формасы ретінде өзінің тәжірибесін қорландырады және оқу процесіне барлық қатысушылардан алдын ала дайындықты талап етеді. Ғалымдардың айтуынша, емтихан тапсырудағы психологиялық дағдыланулар емтиханға дайындалу тиімділігін жоғарылатумен қатар, жалпы ойлау дағдысы жұмысының дамуына мүмкіндік беріп, өзінде шешуші кезеңдерде өзіндік эмоциясын басқара білуге, іскерлігінің қалыптасуына зор жағдай туғызады. Соған байланысты келесі кеңес түрлерін естеріңізде ұстағандарыңызды жөн көріп отырмыз:

vБаланың ҰБТ-ден алған ұпай саны жиынтығына үрейленбеңіз және де емтиханнан кейін баланы сынап, мазасын алмаңыз. Керісінше, балаға жинаған ұпай саны оның қабілет пен мүмкіндіктерінің шегі емес екенін айтып түсіндіріңіз.

vБаланы әрдайым ҰБТ туралы айтып үрейлендірмеңіз, себебі ата-аналардың уайымы балаға әрқашанда әсер етеді, егер де балаға жауапты кезеңде үйдегі үлкендер өздері көңіл-күйлері мен эмоцияларын басқара алмайтын болса, онда бала эмоциональды түрде жас ерекшелігіне сай қызбаланып, әртүрлі уайымынан шығудың амалдарын іздестіруі мүмкін.

vБаланы ширатып, оған көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, оның әр істеген ісін мақтап, жақсы деңгейде орындағанды туралы айтып отыру керек.

vБаланың бақытсыздықтан, яғни қате жіберіп алам ба деген үрейлер оны көп мазалайтынын ескере отырып, оның өз-өзіне деген сенімділігін арттыруға жағдай жасау керек.

vСізден басқа ешкім бала жағдайының ойға шомуларға байланысты төмендеуін дер кезінде байқай алмайды, сондықтан да баланың көңіл-күйін, өзін жақсы сезінуін үнемі бақылауға алыңыз.

vБаланың дайындалу тәртібін қадағалаңыз, шектен тыс шаршауға жол бермеңіз, оған демалу мен сабақты алмастырып отыру керектігін айтып түсіндіріңіз.

vҮйде балаға сабаққа дайындалуға ыңғайлы орын әзірлеңіз және де үйдегілердің оған кедергі жасамауын ескеріңіз.

vБаланың тамақтануына назар салыңыз: жүйелі түрдегі ақыл-ой жүктемесі кезінде оған әртүрлі дәрумендермен байытылған тағамдармен тамақтанған абзал. Мысалға, балық, ірімшік, орехтар, өріктер т.б. Бұлар бас миының жақсы қызметіне түрткі болады.

vБалаға тақырыптарға дайындалу үшін күндерге бөлуге көмектесіңіз.

vБаланы емтиханға дайындалудың әдістерімен таныстырыңыз. Барлық материалды жаттап алудың қажеті жоқ, ең бастысы материалдың ойға қонымдылығына, мағынасына және кілттік кезеңдеріне мән берілсе жеткілікті. Жоспар бойынша материалды оқи отырып, шағын жүйелі түрдегі кестелер мен анықтамалар жасау өте пайдалы. Егер баланың қолынан келмесе тәжірибеде қалай жасалатынын көрсетіңіз. Негізгі формулалар мен ережелерді жазу үстеліне, ас бөлмесіне, жатын төсек маңына т.б. парақшаларға жазып іліп қойған абзал.

vПәндер бойынша мәтіндік тапсырмалардың әртүрлі нұсқаларын (қазір тестік тапсырмалар кітапшалары да бар) дайындаңыз, Осы емтихан формасының алдындағы ауызша, жазбаша емтихандардан айырмашылығын ескере отырып, тестілеу парағын дұрыс толтыруға жаттықтырыңыз.

vТестік тапсырмаларға дайындық кезінде балаға уақытқа бағытталуға және оны бөле білуге үйретіңіз. Сонда балада тестілеу кезіндегі іскерліктері қалыптасып, оның сабырлылығын күшейтіп, артық үрейленуден шығуға көмектеседі. Егер бала сағат тақпаса, міндетті түрде емтиханға барарда сағат беріңіз.

vЕмтихан тапсыру уақыты жақындаған сәттерде балаға толыққанды демалысты қамтамасыз етіңіз, ол демалумен қатар ұйқысын да қандыруы керек.

vЕмтихан кезінде мына кеңестерді ұсыныңыз:

 

üЖұмысқа кірісу үшін барлық тесттік тапсырмаларға оның мазмұнындағы типіне көзіңізді жүгіртіп өтіңіз;
üСұрақты мұқият оқып, оның мағынасын түсініңіз ( себебі, тестілеу кезіндегі көп кететін қателіктер сұрақты аяғына дейін оқымай, асығып тез жауап беруге асығудан шығады);
üЕгер сұрақтың жауабын білмесең , не болмаса сенімсіздік танытсаң, оны қалдырып, басқа қағазға қайтып келу үшін белгілеп қой;
üЕгер берілген уақыт таяп , жауап бере алмай отырсаң , өзіңнің интуицияңа сүйеніп, дұрыс жауап нұсқасын берудің де маңызы бар.
 
Есіңізде ұстаңыз: ең бастысы – бұл сабақ үшін қажетті жағдай туғызып, баланың үрейлену дәрежесі мен шектен тыс күш жұмсауды төмендету.

 

11 сынып оқушыларымен
«Тұран -Астана» университетінің   магистр оқытушылары ҰБТ- ға оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау тренинг сабағын өткізді.

Мақсаты: оқушылардың ҰБТ-ге психологиялық даярлығын қалыптастыру.

«Стресті жеңу жолдары» тақырыбындағы тренинг сабақ 3 сағатқа созылды. Университеттің магистр оқытушылары К.Базарбаева, А.Атынбекова, Ж. Бекбосынова жаттығу барысында оқушылардың күш қуатын арттырды. Оқушылар ішкі резерв мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін- өзі бақылауды дамытты. Тренинг сабақтан оқушылар мобильдік тез қабылдағыштық, жоғары дәрежедегі зейінді шоғырландыруды үйренді. Ең маңыздысы ҰБТ жайында ой қалыптастырды.

     Тренингтен алған әсерлерін оқушылар бір – бірімен ортаға салып, пікір алмасты.

   Құрметті ата-аналар!

Аптаның сенбі күндері сағат 9.30-11.30 аралығында мектеп психолыгынан кеңес алуларыңызға болады.


 

 

 





 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

 


Магзумова Бакытгул Амангелдиновна 
Мектеп директоры

Сұрақ қою
Қабылдау уақыты:
Дүйсенбі - Жұма: 10.00 - 16:00
Түскі үзіліс: 13:00 - 14:00

 

Құқық бұзушылыққа жол жоқ!

Choose Colour